Милад Карими әлем кубогінің күміс жүлдегері атанды

©olympic

Бұл күндері Дохада (Катар) спорттық гимнастикадан әлем Кубогы кезеңі өтіп жатыр.  Қазақстандық гимнаст Милад Карими маңызды стартта күміс медаль жеңіп алды, деп хабарлайды Olympic.kz.

Спортшы қоссырықтағы жаттығуларда бақ сынаған болатын. Ол 14,566 ұпай жинап, қорытынды тізімде екінші орынға тұрақтады.

Бірінші орынды украиндық спортшы Илья Ковтун иеленсе, қола медальді ресейлік Иван Куляк жеңіп алды.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Метки:
Жаңалықтар