Милад Карими Венгрияда өтіп жатқан әлем кубогінің 5-кезеңінде жүлдеге ілікті, деп хабарлайды Vesti.kz тілшісі.
Венгрияның Самботхей қаласында өтіп жатқан байрақты бәсекеде отандасымыз еркін бағдарламада күміс жүлдегер атанды.
Еске салайық, аталмыш жарыста ұлттық құрама сапынан Нариман Құрбанов, Ілияс Азизов және Дмитрий Потанин сынға түсуде.