Гимнастика
5 қараша 2022 22:07

Милад Карими әлем чемпионатында жүлдеге ілікпеді

©kazsports.kz

Ұлыбританияның Ливерпуль қаласында спорттық гимнастикадан 51-ші әлем чемпионатының жеңімпаздары мен жүлдегерлері анықталып жатыр, деп жазады Vesti.kz тілшісі Спортты дамыту дирекциясының ресми сайтына сілтеме жасап.

Қазақстандық Милад Карими еркін жаттығудың финалында 12.100 ұпай жинап, 8 сатыда қалып қойды. Отандасымыз алғаш болып өнер көрсетті. Айта кетейік, Милад бұл бағдарламаның іріктеуінде 14.733 ұпаймен 3-орын алып, ақтық сынға жолдама алған. 

Джарнни Регини-Моран (14.533 ұпай) Ұлыбританияға жалпы осы спорттағы ӘЧ-ның алғашқы алтынын тарту етсе, екі жапониялық гимнаст қалған медальді өзара бөлісті. Токио Олимпиадасының 2 дүркін чемпионы Дайки Хасимото күміс (14.500 ұпай), Дои Рёсукэ (14.266 ұпай) қола жүлдегер атанды.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport