Гимнастика
Кеше 18:49

Көркем гимнастикадан Бакудегі Әлем кубогы кезеңіне қатысатын Қазақстан құрамасының тізімі шықты

©

Көркем гимнастикадан Бакуде (Әзірбайжан) өтетін Әлем кубогы кезеңіне қатысатын спортшылар тізімі жарияланды.

Халықаралық гимнастика федерациясының мәліметіне сәйкес, аталған турнирде Қазақстан құрамасы жекелей сында екі спортшымен өнер көрсетеді.

Құрамға Айбота Ертайқызы мен Ақмарал Ерекешева енді.

Айта кетейік, жуырда Францияның Тье қаласында өткен Гран-при кезеңінде Ерекешева екі күміс және екі қола жеңіп алған еді.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport