Гимнастика
20 қазан 18:28
 

Қазақстандық үш гимнаст әлем чемпионатының финалдық кезеңіне шықты

  Пікірлер

blog.share

Қазақстандық үш гимнаст әлем чемпионатының финалдық кезеңіне шықты ©olympic.kz

Спорттық гимнастикадан Джакартада (Индонезия) өтіп жатқан әлем чемпионаты аясында үш қазақстандық спортшы финалға жолдама алды, - деп хабарлайды Vesti.kz ҚР ҰОК баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

blog.share

Спорттық гимнастикадан Джакартада (Индонезия) өтіп жатқан әлем чемпионаты аясында үш қазақстандық спортшы финалға жолдама алды, - деп хабарлайды Vesti.kz ҚР ҰОК баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Милад Карими еркін жаттығуларда 14.133 ұпай жинап, төртінші нәтижемен финалға өтті. Сондай-ақ кермедегі жаттуғаларда 14.200 ұпай еншілеп, ақтық сынға шықты.

Париж Олимпиадасының күміс жүлдегері Нариман Курбанов ат снарядындағы жаттығудың іріктеу кезеңінде қарсылас шақ келтірмей, ең жоғары көрсеткіш - 14.700 ұпаймен бірінші орын алды.

Сонымен қатар ат снарядындағы жаттығулардың финалында Зейнолла Ыдырысов (14.300 ұпай) өнер көрсетеді.

Өкінішке қарай, Диас Тойшыбек, Дмитрий Потанин және Ілияс Әзізов финалға шыға алмады.

Айта кетейік, еркін және ат снарядындағы жаттығулар бойынша финалдық бәсеке 24 қазанда өтеді. Ал кермедегі жаттығуда жүлдегерлер 25 қазанда анықталады.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Жарнама

Живи спортом!