Филиппиннің Манила қаласында спорттық гимнастикадан жастар арасындағы әлем чемпионаты аяқталды.
Ат снарядындағы жаттығуда қазақстандық Роман Хегай финалға дейін жетті.
Іріктеу кезеңін ол бесінші нәтижемен аяқтады. Отандасымыз шешуші сындағы өнері үшін 11.733 ұпай жинап, жетінші орынға ие болды.
Қытайлық Ао Чжен жарыс жеңімпазы атанды - 13.533. Екінші орынға франциялық Лерой Траоре-Малатре (13.200) ие болса, жапониялық Нао Ожима үшінші орын алды - 12.700.
Жарнама