Қазақстандық гимнасттар Болгариядағы Challenge Cup іріктеуінен өтті

©olympic.kz

Спорттық гимнастикадан Болгарияның Варна қаласында өтіп жатқан Challenge Cup әлем кубогінде қазақстандық спортшылар іріктеуден өтті, деп хабарлайды Olympic.kz. 

Қазақстан ерлер командасының 4 спортшысы 5 финалда бақ сынайды. Атап айтар болсақ, Дмитрий Патанин мен Асан Салимов еркін жаттығудан финалға өтті. Іріктеуде Патанин 2, Салимов 6-нәтиже көрсеткен. 

Гимнастикалық ат снарядындағы іріктеуде Нариман Курбанов 1, Зейнолла Ыдырысов 2-орынға табан тіреп, ақтық сынға жолдама алды. 

Сондай-ақ, шығыршықтағы жаттығуда 13.600 ұпаймен 8-орын алған Дмитрий Патанин финалдық кезеңде бақ сынайды. 

Бүгін іріктеудің екінші күні өтуде.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Метки: