Қазақстандық гимнастшылар әлем кубогіне қатысады

©olympic

Көркем гимнастикадан Қазақстан құрамасы Афинада әлем кубогі кезеңіне қатысады, деп хабарлайды Olympic.kz.

18 наурыз күні Грекияның Афина қаласында көркем гимнастикадан әлем кубогінің кезеңі басталады. Қазақстандық спортшылар жекелей және топтық жаттығулар бойынша бақ сынайды. Жекелей сында Элжан Таниева мен Айбота Ертайқызы өнер көрсетсе, құрама қыздары топтық сайысқа қатысады. 

Айта кетерлігі, аталған әлем кубогінің кезеңі 20 наурызға дейін жалғасады. 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Метки:
Жаңалықтар