Қазақстандық гимнастшы қыз Халықаралық жарыста екі алтын жеңіп алды

Көркем гимнастикадан Қазақстан командасының өкілі Елжан Таниева Болгариядағы София кубогында екі бірдей алтын жеңіп алды,- деп хабарлайды Olympic.kz.

Бұл күндері Болгарияның София қаласында көркем гимнастикадан "Sofia Cup" халықаралық додасы өтіп жатыр. 

Таспа жаттығуы бойынша Эльжана Таниева финалда 20,55 ұпайымен алтын медаль жеңіп алды.  Шығыршық бойынша да топ жарып, финалда 22,3 ұпайымен екінші алтынға қол жеткізді.

Доппен жаттығуда Сабина Бакатова 22,35 ұпайымен қола жүлдені қоржынға салды. Ұршықпен жаттығуда финалда 22,75 ұпай еншілеп, екінші қоласына ие болды. 

Метки:
Жаңалықтар