Қазақстандық гимнаст соңғы әлем кубогі кезеңінде бесінші болды

©gymnastics.kz

Италияның Милан қаласында көркем гимнастикадан әлем кубогінің биылғы маусымдағы соңғы кезеңі аяқталды.

Бұл жарысқа Қазақстан атынан Эльжана Таниева қатысты. Көпсайыс қорытындысы бойынша Эльжана 12-орын иеленді. Сондай-ақ, доп жаттығуы бойынша финалда өнер көрсетіп, 33.65 ұпаймен 5-орын алды. 

Еске сала кетейік, Эльжана Таниева Ташкентте өткен Азия чемпионатында топ жарып, Париж Олимпиадасының квотасын иеленген болатын. 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Метки: