Спорттық гимнастикадан Қазақстан құрамасының өкілі Нуртан Идрисов Нидерландтың Роттердам қаласында өтіп жатқан әлем чемпионатында жекелей көпсайыстың финалында өнер көрсетті.
Алты снарядтағы жаттығулардың қорытындысы бойынша қазақстандық гимнаст 74,397 ұпай жинап, 24 финалистің арасында 23-орынға тұрақтады.
Жарыста Жапония өкілі Дайки Хасимото 85,998 ұпаймен чемпион атанды. Қытайлық Ян Хаонань 84,199 ұпаймен күміс медальға ие болса, Ұлыбритания спортшысы Джо Фрейзер 83,531 ұпаймен үздік үштікті түйіндеді.
Айта кетейік, Қазақстан құрамасынан Нариман Курбанов ат снарядындағы жаттығулардың финалында өнер көрсетеді.
Жарнама