Қазақстандық спортшы Милад Карими спорттық гимнастикадан әлем кубогы кезеңінде күміс жүлдеге қол жеткізді, деп хабарлайды Olympic.kz.
Спорттық жарыс Әзербайжан астанасы Бакуде өтті.
Әлем кубогі кезеңінің финалында отандасымыз еркін жаттығуда 14.300 ұпай жинады.
Айта кетейік, Израиль спортшысы Артем Долгопят жарыс жеңімпазы атанса, ирландиялық Эймон Монтгомери қола жүлдені қанағат тұтты.