Гимнастика
22 маусым 23:59
 

Қазақстандық гимнасшы қыз әлем чемпионатында тарихи алтын медаль жеңіп алды

  Пікірлер

blog.share

Қазақстандық гимнасшы қыз әлем чемпионатында тарихи алтын медаль жеңіп алды ©ҚР ҰОК

Софияда (Болгария) жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионаты аясындағы жекелей жарыстардың финалдық кезеңі аяқталды.Қазақстандық Ақмарал Ерекешева жарыс жеңімпазы атанды, - деп хабарлайды Vesti.kz.

blog.share

Софияда (Болгария) жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионаты аясындағы жекелей жарыстардың финалдық кезеңі аяқталды.Қазақстандық Ақмарал Ерекешева жарыс жеңімпазы атанды, - деп хабарлайды Vesti.kz.

Айта кетейік, гимнаст қыз үш финалға да бірінші орынмен өткен болатын. Ол қатысқан барлық финалда жүлдеге ілікті.

Оның еншісінде екі алтын және бір күміс медаль бар. Алдымен Ерекешева доппен орындалған жаттығуда үздік атанды. Кейін таспамен өткен финалда да жеңіске жетті.

Ал шығыршықпен орындалатын жаттығуда ол екінші орынға ие болды. Бұған қоса, Айғаным Рысбек ұршықтармен орындалатын жаттығу бойынша бесінші нәтижені көрсетті.

Айта кеткен жөн, Ақмарал Ерекешева – жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатында жеңіске жеткен санаулы қазақстандық гимнастардың бірі.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Жарнама

Живи спортом!