Гимнастика
Бүгін 16:08

Қазақстан көркем гимнастикадан Азия чемпионатында тағы екі жүлде алды

©ҚР ҰОК

Көркем гимнастикадан Бішкекте (Қырғызстан) өтіп жатқан Азия чемпионатында жекелей жаттығулардағы финалдық сайыстар басталды.

Қазақстан құрамасы бұл жарыс күнінде екі медаль жеңіп алды. Ақмарал Ерекешева шығыршықпен орындалатын жаттығуда қола жүлдеге ие болды. Ол 28.50 ұпай жинады.

Алтын медаль өзбекстандық Тахмина Икромоваға бұйырды - 29.25 ұпай. Екінші орынды қытайлық Ван Цзылу иеленді - 28.90. Ал Айбота Ертайқызы 28.05 ұпаймен алтыншы орынға тұрақтады.

Топтық жаттығуда бес доппен өнер көрсеткен Қазақстан құрамасы күміс медаль жеңіп алды - 26.30 ұпай. Бұл сында Қытай құрамасы чемпион атанды - 27.95 ұпай. Ал үздік үштікті Оңтүстік Корея түйіндеді - 25.35 ұпай.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport