Спорттық гимнастикадан Нидерландтың Роттердам қаласында өтетін әлем чемпионатына қатысатын Қазақстан құрамасының тізімі белгілі болды.
Дүбірлі додада ел намысын алты гимнаст қорғайды. Атап айтқанда Нариман Курбанов, Милад Карими, Дмитрий Патанин, Ильяс Азизов, Нуртан Идрисов, Роман Хегай бақ сынайды.
Бұл бәсекеде 2028 жылы Лос-Анджелесте өтетін Олимпиада ойындарына арналған алғашқы командалық жолдамалар сарапқа салынады.
Айта кетейік, әлем біріншілігі 17-25 қазан аралығында өтеді.