Спорттық гимнастикадан Қазақстан командасының өкілі Аида Бауыржанова Түркияда өткен Ислам ынтымақтастығы ойындарында төрт медаль жеңіп алды, деп жазады Olympic.kz .
Сонымен қатар, жеке жарыстарда спортшы марапаттардың толық жиынтығын жинады. Olympic.kz басылымына сұхбатта гимнаст өз қойылымына түсініктеме берді.
"Шындығында, жеңіске жету жоспарларымыз болды. Сондай-ақ, командалық медаль алуды мақсат еттік.
Мен жекелеген түрлерде жүлдегерлер қатарына кіре алатынымды білетінмін, бірақ, бәсекелестік жақсы болды. Нәтижесінде біз өз жоспарымызды орындадық және еселедік, мен әрине, қуаныштымын.
Мен үшін ең құнды медаль - командалық медаль. Менімен топта бірге гимнастшы болды, ол менімен бірге өсіп, жаттығып жүрдік, мен оның да марапатпен оралғанын қаладым. Сондықтан мен бұл медальді ең құнды деп санаймын.
Әрине, жеке есепте "алтын". Біз көп жұмыс жасадық, снарядтағы негізгі күрделілікті көтердік және жақсы орындалған жағдайда медаль болатынын білдік. Нәтижесінде тіпті алтын да жеңіп алдық.
Менің қолымнан сәтті шығатын жаттығуларыма келетін болсақ, ұзақ уақыт бойы гимнастикалық бөренеге назар аудардық. Әрқашан жақсы болатын. Алайда соңғы уақытта еркін жаттығулар алдыңғы орынға шықты. Мен финалда Әлем кубогының барлық кезеңдеріне қатынастым, бұл қазір негізгі күрделілікті арттыруыма себебін тигізді. Енді мен әлем Кубогының кезеңіне де жақсы бәсекелестік жасай аламын.
Қазір Қазақстан чемпионатына дайындық басталады. Одан әрі әлем Кубогына қатысуды жоспарлап отырмыз, содан кейін қазан айының соңында әлем чемпионаты өтеді", - деді Аида Бауыржанова.
Естеріңізге сала кетейік, Түркияда қазақстандық еркін жаттығуларда бірінші болды. Ол сонымен қатар гимнастикалық бөрене жаттығуларында екінші орында аяқтады. Бауыржанова өзінің жеке марапаттар топтамасын қоссырықта жалғастырды, онда ол "қоланы"жеңіп алды.
Ол Аяжан Шәмшитдиновамен бірге командалық жарыста тұғырдың үшінші сатысына көтерілді.