Қазақ гимнастшы қыз Мәскеуде Гран-при жүлдесін жеңіп алды

©Olympic.kz

Ресей астанасы Мәскеуде көркем гимнастикадан Гран-при турнирі аяқталып, қазақстандық Елжан Таниева жүлдеге ілікті, деп хабарлайды Olympic.kz

Елжан ұршықпен жаттығуда күміс медаль иеленді. Бұл Таниеваның Гран-при турниріндегі алғашқы жүлделерінің бірі. 

Бұл жаттығу бойынша алтын медальді ресейлік Лала Крамаренко, қоланы оның отандасы Арина Аверина еншілеген. 

Айта кетелік, Елжан Таниева Ресейдегі Ирина Винер-Усманова орталығында жаттығады. Бапкері - Яна Аринцева. 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Метки:
Жаңалықтар