Ресей астанасы Мәскеуде көркем гимнастикадан Гран-при турнирі аяқталып, қазақстандық Елжан Таниева жүлдеге ілікті, деп хабарлайды Olympic.kz.
Елжан ұршықпен жаттығуда күміс медаль иеленді. Бұл Таниеваның Гран-при турниріндегі алғашқы жүлделерінің бірі.
Бұл жаттығу бойынша алтын медальді ресейлік Лала Крамаренко, қоланы оның отандасы Арина Аверина еншілеген.
Айта кетелік, Елжан Таниева Ресейдегі Ирина Винер-Усманова орталығында жаттығады. Бапкері - Яна Аринцева.