Жарнама

Гимнастика
Бүгін 16:00
 

Хорватиядағы Әлем кубогы кезеңіне баратын гимнастшылар тізімі жарияланды

  Пікірлер

blog.share

Хорватиядағы Әлем кубогы кезеңіне баратын гимнастшылар тізімі жарияланды ©ҚР ҰОК

Халықаралық гимнастика федерациясы (FIG) Хорватияның Осиек қаласында өтетін Әлем кубогы кезеңіне қатысушылар тізімін жариялады.

blog.share

Халықаралық гимнастика федерациясы (FIG) Хорватияның Осиек қаласында өтетін Әлем кубогы кезеңіне қатысушылар тізімін жариялады.

Ресми мәліметке сәйкес, бұл халықаралық турнирде Қазақстан құрамасының намысын төрт гимнаст қорғайды.

Құрама сапына Милад Карими, Нариман Курбанов, Зейнолла Ыдырысов және Ілияс Әзізов енді.

Айта кетейік, Хорватиядағы Әлем кубогы кезеңі 9-12 сәуір аралығында өтеді.

Ал бұған дейін Мысырдың Каир қаласында өткен кезеңде Қазақстан құрамасы үш медаль жеңіп алды. Ат снарядындағы жаттығуда Зейнолла Ыдырысов күміс жүлдеге ие болса, Нариман Курбанов үшінші орынға тұрақтады. Ал Асан Салимов қол тіреп секіруден екінші орын алды.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Жарнама

Живи спортом!