Гимнастика
4 сәуір 2023 12:01

Елжана Тәниева көркем гимнастикадан Әлем кубогында күміс иеленді

©Қазақстанның гимнастика федерациясы

Болгарияның София қаласында көркем гимнастикадан Әлем кубогы кезеңі аяқталды, қазақстандық Елжана Тәниева күміс жүлдегер атанды, деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Қазақстандық гимнаст тапспамен жаттығуда күміс медаль жеңіп алды. Ол аталған бағдарламада 30,900 ұпай жинап, екінші орынға табан тіреді.

Бұл бәсекеде өзбекстандық Тахмина Икромова жеңіске жетсе, қоланы Бразиялия өкілі Барбара Домингос иеленді.

Сонымен бірге Тәниева ұршық жаттығудан 5-орын, ал доппен жаттығуда алтылыққа енді.

Айта кетейік, Болгариядағы Әлем кубогы кезеңіне 28 елден 50-ге жуық гимнастар қатысып жатыр.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport