Софияда (Болгария) көркем гимнастикадан Әлем кубогының кезеңі өтеді, - деп хабарлайды Vesti.kz ҚР ҰОК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Жарыс 28-30 наурыз аралығында ұйымдастырылады.
Халықаралық гимнастика федерациясы халықаралық турнирге қатысатын спортшылардың тізімін жариялады.
Ресми ақпаратқа сәйкес, Қазақстан құрамасының атынан Айбота Ертайқызы мен Айым Мейіржанова өнер көрсетеді.
Жалпы тізімге 95 спортшы тіркелген.
Жарнама