Гимнастика
29 қаңтар 13:08

Әлем кубогының алғашқы кезеңіне қатысатын гимнасттар іріктелді

©ҚР ҰОК

Спорттық гимнастикадан Қазақстан ерлер құрамасы халықаралық жарыс маусымын Германияның Котбус қаласында өтетін Әлем кубогы кезеңінен бастайды.

Биылғы алғашқы Әлем кубогының кезеңі 19-22 ақпан аралығында өтеді. Аталған жарыста Қазақстан атынан бес гимнаст өнер көрсетеді:

- Нариман Курбанов (ат снарядындағы жаттығулар)

- Милад Карими (керме, еркін жаттығулар)

- Дмитрий Патанин (сақиналар, қоссырық, еркін жаттығулар)

- Диас Тойшыбек (қоссырық және кермедегі жаттығулар)

- Зейнолла Ыдырысов (ат снарядындағы жаттығулар)

Турнир қарсаңында команда Котбус қаласында оқу-жаттығу жиынын өткізеді. Жиын 8 ақпанда басталып, 17 ақпанға дейін жалғасады.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport