Бүгін Түркияда күрес түрлерінен "Яшар Догу" рейтингілік турнирі басталады, деп хабарлайды Olympic.kz.
Жарыстың алғашқы күнінде грек-рим күресінің балуандары кілемге шығады.
Атап айтар болсақ, 50, 60, 63, 67, 87,97, 130 келідегі спортшылар өзара мықтыны анықтайды.
Бұл күрестен өтіп жатқан маусымдағы алғашқы ірі жарыс.
Назарларыңызға турнирде бақ сынайтын балуандар тізімін ұсынамыз:
55 келі: Нұрзат Қабдырахимов, Амангелді Бекболатов, Марлан Мұқашев;
60 келі: Дастан Зарлыханов, Ернұр Фидахметов, Айдос Сұлтанғали;
63 келі: Ержет Жарылқасын, Ғалым Қабдыназаров, Бағлан Жақанша;
67 келі: Сұлтан Әсетұлы, Данияр Қаленов, Мейіржан Шермаханбет;
72 келі: Әділхан Көкенов, Азат Садықов, Абылайхан Амзеев;
77 келі: Демеу Жадыраев, Тамерлан Шадукаев, Мақсат Ережепов;
82 келі: Илимдор Сатаев, Рахмет Сапиев, Диас Қален;
87 келі: Мирас Баршылықов, Азамат Күстібаев, Нұрсұлтан Тұрсынов;
97 келі: Санжар Серікхан, Ислам Умаев;
130 келі: Антон Савенко, Әлімхан Сыздықов.