Иранның Абадан қаласында грек-рим күресінен әлем кубогі өтіп жатыр. Командалық сайысқа түсетін додада Қазақстан құрамасының балуандары А тобында Ресей, Иран, Германияның спортшыларымен бір топта өнер көрсетеді, деп жазады Vesti.kz порталы.
Алғашқы айналымда Ресей балуандарымен кездескен Қазақстан құрамасы ойсырай ұтылды. Аса жеңіл салмақта Жансерік Сәрсенбиев Степан Маряняннан айласын асыра алмаса, 66 келі салмақ дәрежесінде Данияр Қаленов Алексей Киянкиге есе жіберді.
Ал 71 келіде ел намысын қорғаған Демеу Жадыраев белдесуін тәп-тәуір бастаған еді. Дегенмен күші сарқылғанша айқасқан Юрий Денисов соңғы секундттарда әдіс жасап, жеңісті жұлып алды. 75 келіде Шымкентте өткен ел чемпионатында топ жарған Мақсат Ережеповке Чингиз Лабазанов еш мүмкіндік бермеді. 80 келіде сынға түскен Дәулет Жақсылықов Адлан Акиевтің осал тұсын таба алмай дал болса, 85 келіде белдескен Азамат Құстыбаев Евгений Салеевтен айласын асыра алмады.
98 келіде өнер көрсеткен жас балуан Алимхан Сыздықовтың әлемдік аренадағы тәжірибесі жеткіліксіз екені бірден байқалды. Қарсыласы Maксим Сафарянға бір әдісті, яғни жамбас әдісін екі рет жасауға мүмкіндік берген Алимхан да командаға жеңіс сыйлай алмады. Ал 130 келіде белдескен Дамир Күзембаевтың тіпті бозкілемге қинап шығарғандай әсер қалдырды. Күресуге құлшынысы болмағаннан ба, жоқ әлде басқа да жағдайлардың әсерінен бе, әйтеуір Күзембаев Бoрис Вайнштейнге жеңісті сыйлай салды.
Ал бұл топта өнер көрсететін Иран балуандары мен Германияның спортшылары да өзара мықтыны анықтап, ирандықтар 7-1 есебімен қарсыластарын айқын басымдылықпен ұтты. Қазақстан құрамасы Астана уақытымен кешкі сағат 20.30 немістермен сайысқа түседі.

Жарнама