"Нұрбақыт Теңісбаевтың тапсырған тесті коронавирусті анықтады. Қазіргі уақытта ол Талдықорған қаласындағы емханалардың бірінде ем алуда", - деп жазды Кәрімжан.
Айта кетейік, Нұрбақыт Теңізбаев 2008 жылғы Олимпиада ойындарының күміс жүлдегері. Сонымен қатар ол 2009 жылы әлем чемпионатының жеңімпазы.
Еске салайық, бұған дейін грек-рим күресінен Қазақстан құрамасының он балуаны вирус жұқтырып алуы мүмкін деген хабар шыққан еді. Вирус жұқтырған спортшылар Талғардағы AIBA базасында оқшауланса, қалғандары үйлеріне қайтарылған.