Греко-римская борьба
29 маусым 2020 16:01
 
Олимпиада жүлдегері Нұрбақыт Теңізбаев КВИ жұқтырды

  Пікірлер

blog.share

Олимпиада жүлдегері Нұрбақыт Теңізбаев КВИ жұқтырды Сурет: Olimpic.kz

Грек-рим күресінен 2008 жылғы Олимпиада ойындарының жүлдегері, қазіргі уақытта Алматы облысының Дене шынықтыру және спорт басқармасының жетекшісі Нұрбақыт Теңізбаев вирус жұқтырып алды. Бұл туралы спорт журналисі Данияр Кәрімжан Телеграмм каналында хабарлады. 

"Нұрбақыт Теңісбаевтың тапсырған тесті коронавирусті анықтады. Қазіргі уақытта ол Талдықорған қаласындағы емханалардың бірінде ем алуда", - деп жазды Кәрімжан. 

Айта кетейік, Нұрбақыт Теңізбаев 2008 жылғы Олимпиада ойындарының күміс жүлдегері. Сонымен қатар ол 2009 жылы әлем чемпионатының жеңімпазы. 

Еске салайық, бұған дейін грек-рим күресінен Қазақстан құрамасының он балуаны вирус жұқтырып алуы мүмкін деген хабар шыққан еді. Вирус жұқтырған спортшылар Талғардағы AIBA базасында оқшауланса, қалғандары үйлеріне қайтарылған. 

Жарнама

Живи спортом!