Греко-римская борьба
20 қыркүйек 2017 20:01
 

Нұрбақыт Теңізбаевқа Бейжің Олимпиадасының күміс медалі табысталды

  Пікірлер

blog.share

Нұрбақыт Теңізбаевқа Бейжің Олимпиадасының күміс медалі табысталды Фото: Жеңіс Ысқабай

Бүгін қазақ балуаны Нұрбақыт Теңізбаевқа 2008 жылғы Бейжің Олимпиадасының күміс медалі табысталды. Марапаттау рәсімінде спортшыға медальды Мәдениет және спорт вице-министрі Сәкен Мұсайбеков пен ҰОК бас хатшысы Данияр Әбілғазин табыстады.

Нұрбақыт Теңізбаев 2008 жылы Қытай елінің астанасында өткен төртжылдықтың басты додасында 60 келіге дейінгі салмақта грек-рим күресінен қола медаль еншілеген еді. 2016 жылдың қараша айында отандасымызды жартылай финалда жеңген әзірбайжан балуаны Виталий Рагимовтың допинг қолданғаны белгілі болды. Нәтижесінде Халықаралық Олимпиада комитеті (ХОК) әзірбайжан спортшысының жүлдесін кері қайтарып, Нұрбақытты күміс жүлдегер ретінде таныған-ды. Бүгін спортшыға күміс медаль ресми түрде табысталды.



- Қазақта жақсы сөз бар, «кішкентай қуанышқа қуана алмаған адам, үлкен бақытты қарсы ала алмайды» - деген. Қанша жыл өтсе де, қанша уақыт өтсе де, бұйырған қашпайды екен. Жеңіс тұғырында тұрғанымда үшінші орын алғаным үшін қатты қуанғанмын. Боз кілемді барымды салып, терімді төгіп жеңіп алдым. Ал күмісті Халықаралық Олимпиада комитетінің шешімі бойынша иеленіп отырмын. Бұған да шүкір деймін, - деді спортшы Massaget.kz тілшісіне берген сұхбатында.



Бүгінде Нұрбақыт Теңізбаев Алматы облыстық спорт мектебінде басшылық қызметте, күрес федерациясында кеңесші.



Бүгін сондай-ақ Ұлттық Олимпиада комитеті әлем чемпионаттарында ел абыройын асырған балуандар мен боксшыларды да арнайы құттықтап, ақшалай сыйлықтармен марапаттады.


blog.share
Бүгін қазақ балуаны Нұрбақыт Теңізбаевқа 2008 жылғы Бейжің Олимпиадасының күміс медалі табысталды. Марапаттау рәсімінде спортшыға медальды Мәдениет және спорт вице-министрі Сәкен Мұсайбеков пен ҰОК бас хатшысы
Данияр Әбілғазин табыстады.

Нұрбақыт Теңізбаев 2008 жылы Қытай елінің астанасында өткен төртжылдықтың басты додасында 60 келіге дейінгі салмақта грек-рим күресінен қола медаль еншілеген еді. 2016 жылдың қараша айында отандасымызды жартылай финалда жеңген әзірбайжан балуаны Виталий Рагимовтың допинг қолданғаны белгілі болды. Нәтижесінде Халықаралық Олимпиада комитеті (ХОК) әзірбайжан спортшысының жүлдесін кері қайтарып, Нұрбақытты күміс жүлдегер ретінде таныған-ды. Бүгін спортшыға күміс медаль ресми түрде табысталды.



- Қазақта жақсы сөз бар, «кішкентай қуанышқа қуана алмаған адам, үлкен бақытты қарсы ала алмайды» - деген. Қанша жыл өтсе де, қанша уақыт өтсе де, бұйырған қашпайды екен. Жеңіс тұғырында тұрғанымда үшінші орын алғаным үшін қатты қуанғанмын. Боз кілемді барымды салып, терімді төгіп жеңіп алдым. Ал күмісті Халықаралық Олимпиада комитетінің шешімі бойынша иеленіп отырмын. Бұған да шүкір деймін, - деді спортшы Massaget.kz тілшісіне берген сұхбатында.



Бүгінде Нұрбақыт Теңізбаев Алматы облыстық спорт мектебінде басшылық қызметте, күрес федерациясында кеңесші.



Бүгін сондай-ақ Ұлттық Олимпиада комитеті әлем чемпионаттарында ел абыройын асырған балуандар мен боксшыларды да арнайы құттықтап, ақшалай сыйлықтармен марапаттады.


Жарнама

Живи спортом!