Грек-рим күресі
Бүгін 15:44

Қазақтың жас балуаны грек-рим күресінен Азия чемпионатының финалына жетті

©

Қазақстандық балуан Еркебұлан Анапия грек-рим күресінен Таиландтың Паттайя қаласында өтіп жатқан U20 жас санатындағы Азия чемпионатының финалына жетті.

Отандасымыз 82 келіге дейінгі салмақтың жартылай финалында тәжікстандық Мухаммад Султонзоданы 13-3 есебімен жеңді.

Енді Еркебұлан финалда Иран өкілі Алиреза Мохаммад Хоссейнимен белдеседі.

60 келіге дейінгі салмақта Алпамыс Болатұлы қола жүлде үшін өтетін белдесуде жапониялық Юсукэ Хиротамен күреседі.

67 келіге дейінгі салмақта Досбол Шамиль үндістандық Ануджбен қола жүлдеге таласады.

Сондай-ақ 97 келіге дейінгі салмақта Максим Украинцев Қытай өкілі Синью Люмен қола жүлдені өзара сарапқа салады.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport