Қазақстандық жас балуан 1 жылда екі рет әлем чемпионатының финалында күресті

©United World Wrestling

Исхар Құрбаев грек-рим күресінен Албания елінің астанасы Тиранада өтіп жатқан әлем чемпионатының (U-23) күміс жүлдесін иеленді. Отандасымыз 55 келіге дейінгі салмақтың финалында грузин балуаны Георгий Тохкадзеге жол беріп алды. 

Қазақ балуаны тамыз айында Амманда өткен 20 жасқа дейінгі әлем чемпионатында топ жарған болатын. Осылайша, бір жылда екі санатта (U20 және U23) әлем чемпионатының финалына шыққан алғашқы қазақ балуаны атанды. 

Айта кетейік, осыған дейін Тиранадағы әлем чемпионатында (U-23) Сұлтан Әсетұлы 67 келіге дейінгі салмақта қарсылас шақ келтірмей, әлем чемпионы болған еді.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Метки:
Жаңалықтар