Қазақстандық екі спортшы Болгариядағы әлем чемпионатының жартылай финалына шықты

©

Қазақстандық грек-рим күресінің шеберлері осы кезде Болгария астанасы Софияда 20 жасқа дейінгі балуандар арасында өтіп жатқан әлем чемпионатының жартылай финалына шықты.

Қазақстандық Дінмұхаммед Қошқар 67 келіге дейінгі салмақта әзербайжандық балуан Канан Абдуллазадемен кездеседі.

97 келіге дейінгі салмақта өнер көрсететін тағы бір қазақстандық спортшы Юсуф Мациев те жартылай финалға шықты. Ол қырғызстандық балуан Нұрманбет Раймалыұлымен белдеседі.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Метки:
Жаңалықтар