Жарнама

Грек-рим күресі
Бүгін 13:38
 

Қазақстандық балуан грек-рим күресінен Азия чемпионатында жүлде алды

  Пікірлер

blog.share

Қазақстандық балуан грек-рим күресінен Азия чемпионатында жүлде алды ©Тұрар Қазанғапов

Грек-рим күресінен Қазақстан құрамасының балуаны Нұрсұлтан Тұрсынов Бішкек қаласында (Қырғызстан) өткен Азия чемпионатында қола жүлдегер атанды.

blog.share

Грек-рим күресінен Қазақстан құрамасының балуаны Нұрсұлтан Тұрсынов Бішкек қаласында (Қырғызстан) өткен Азия чемпионатында қола жүлдегер атанды.

87 келіге дейінгі салмақта үшінші орын үшін өткен белдесуде Тұрсынов түрікменстандық Довлетмұрат Байрамовпен кездесті.

Қазақстандық балуан қарсыласын мерзімінен бұрын жеңіп, құрлық біріншілігін қола медальмен аяқтады.

Айта кетейік, бүгін, 7 сәуірде Қахарман Қисыметов (77 келіге дейін) те қола жүлде үшін белдескен еді. Алайда ол өзбекстандық Дониерхон Накибовқа есе жіберді.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Жарнама

Живи спортом!