Греко-римская борьба
29 маусым 2020 10:45

Қазақстан құрамасының он балуаны вирус жұқтырып алуы мүмкін - дереккөз

Reuters©
Грек-рим күресінен Қазақстан құрамасының он балуына вирус жұқтырып алуы мүмкін. Бұл туралы спорт журналисі Данияр Кәрімжан өзінің Телеграмм каналында жазды. 


"Грек-рим күресінен Қазақстан құрамасынан жағымсыз жаңалық келді. Бейресми мәлімет бойынша, қазіргі уақытта құраманың он спортшысының вирусқа тапсырған тесті оң нәтиже берді. Тіпті бір бапкер мен медициналық штаб өкілі де вирус жұқтырып алуы мүмкін. 

Балуандардың атын атамай-ақ қояйын. Олар қазір базада оқшаулануда. Ал құраманың басқа мүшелерін үйлеріне қайтарған", - деп жазады Кәрімжан. 

Айта кетейік, грек-рим күресінен біздің құрама Талғардағы AIBA базасында жаттығу жасап жатқан. Дәл осы базада бокстан ұлттық құрама да жаттығу жұмыстарын жүргізіп жатыр еді. 

Соңғы дерек бойынша, Қазақстанда 20 780 адам коронавирус жұқтырған. Оның ішінде 12 824 адам емделіп шықса, 173 адам қайтыс болды.