auth.social_login
js.pozhaluista_podojdite js.ukazhite_email js.ukazhite_imya_ili_psevdonim js.ukazhite_parol js.dlya_registracii_na_saite_vy_doljny js.dlya_redaktir_profilya js.ukazhite_korrektny_email material_dobavlen_v_izbrannoe js.dobavit_v_izbrannoe js.ubrat_iz_izbrannogo js.paroli_ne_sovpadayut js.zadaite_parol_dlya_vhoda_na_sait js.horoshi_parol_doljen_soderjat js.spasibo_za_vash_golos js.dobavit_plus_1 js.ubrat_plus_1 js.vyberite_variant_otveta
js.mesto
жаңа тег қосу Слайдшоу қарау (пробел) Пауза Артқа Алға Орнынан көшіру Жабу (Esc) Толық көлеміне ашу Суретті жабу үшін жай басыңыз, қозғау үшін басып жібермеңіз
Пікіріңізге рахмет! Мәтін қойыңыз...
По-русски Табло
Сайтқа кіру
auth.social_login:
Сіздің Vesti.kz сайтындағы аккаунт Құпия сөзді ұмытып қалдыңыз ба?
Құпия сөзді ұмытып қалдыңыз ба?

Сіздің жаңа құпия сөзіңізді жіберетін email-ді атаңыз. Ақырында сіз құпия сөзді жеке бетіңізде өзгерте аласыз

Қазақстан құрамасы неміс балуандарынан да жеңіліп қалды

Қазақстан құрамасының енді тек 5-6 орынға таласуына мүмкіндіктері бар.

Иранда өтіп жатқан әлем кубогінің екінші кезеңінде қазақ балуандары немістермен жолықты. Алғашқы кездесулерінде ресейліктерден оңбай ұтылған Қазақстан құрамасына жеңіс ауадай қажет еді. Дегенмен неміс спортшылары қазақ балуандарынан бір бас жоғары екенін көрсетті, деп жазады Vesti.kz порталы. 

Ең жеңіл салмақта сайысқа түскен Жансерік Сәрсенбиев тартысқа толы өткен кездесуінде Кристофер Иосефтен 3:4 есебімен ұтылды. 66 келіде бозкілемге шыққан Данияр Қаленов Эрик Вэйссті оңай ұтып, есепті теңестірсе, 71 келіде Демеу Жадыраев Максимилиан Андрэсті жеңіп,  Қазақстан құрамасын алға шығарды. Бұл жеңіс қазақ балуандарына сенімділік сыйлау керек еді. Алайда 75 келіде белдескен Темірлан Шадукаев күтпеген жерден Флориан Нэумайерге есе жіберсе, Даулет Жақсылықов Паскаль Эйселдің осал тұсын таба алмай дал болды.

Ал 85 келіде сынға түскен Азамат Құстыбаев Рамсин Азизсирден айласын асыра алмады. 98 келіде ел чемпионатында топ жарған Әлімхан Сыздықов Оливэр Адрианға есе жіберсе, аса ауыр салмақта Дамир Күзембаев та, Рио Олимпиадасында Нұрмахан Тыналив есе жіберген Эдуард Поптың мысын баса алмады.

Сонымен А тобында екі кездесуінде жеңіке ұшыраған Қазақстан құрамасы тек 5-6 орынға таласуына мүмкіндіктері бар, егерде Иран құрамасын ұтатын болса. Ал ирандықтар тартысқа толы өткен белдесулерінде ресейлік балуандарға 3:5 есебімен жол берді.
Әлеуметтік желілерде бөлісу
Жаңалықтар
10 маусым 2017
15:30