Иранда өтіп жатқан әлем кубогінің екінші кезеңінде қазақ балуандары немістермен жолықты. Алғашқы кездесулерінде ресейліктерден оңбай ұтылған Қазақстан құрамасына жеңіс ауадай қажет еді. Дегенмен неміс спортшылары қазақ балуандарынан бір бас жоғары екенін көрсетті, деп жазады Vesti.kz порталы.
Ең жеңіл салмақта сайысқа түскен Жансерік Сәрсенбиев тартысқа толы өткен кездесуінде Кристофер Иосефтен 3:4 есебімен ұтылды. 66 келіде бозкілемге шыққан Данияр Қаленов Эрик Вэйссті оңай ұтып, есепті теңестірсе, 71 келіде Демеу Жадыраев Максимилиан Андрэсті жеңіп, Қазақстан құрамасын алға шығарды. Бұл жеңіс қазақ балуандарына сенімділік сыйлау керек еді. Алайда 75 келіде белдескен Темірлан Шадукаев күтпеген жерден Флориан Нэумайерге есе жіберсе, Даулет Жақсылықов Паскаль Эйселдің осал тұсын таба алмай дал болды.
Ал 85 келіде сынға түскен Азамат Құстыбаев Рамсин Азизсирден айласын асыра алмады. 98 келіде ел чемпионатында топ жарған Әлімхан Сыздықов Оливэр Адрианға есе жіберсе, аса ауыр салмақта Дамир Күзембаев та, Рио Олимпиадасында Нұрмахан Тыналив есе жіберген Эдуард Поптың мысын баса алмады.
Сонымен А тобында екі кездесуінде жеңіке ұшыраған Қазақстан құрамасы тек 5-6 орынға таласуына мүмкіндіктері бар, егерде Иран құрамасын ұтатын болса. Ал ирандықтар тартысқа толы өткен белдесулерінде ресейлік балуандарға 3:5 есебімен жол берді.

Жарнама