Грек-рим күресі
19 маусым 08:29
 

Қазақ балуандары Азия чемпионатының алғашқы күні 6 медаль жеңіп алды

  Пікірлер

blog.share

Қазақ балуандары Азия чемпионатының алғашқы күні 6 медаль жеңіп алды ©UWW

Вьетнамда грек-рим күресінен 23 жасқа дейінгі балуандар арасында Азия чемпионаты басталды, - деп хабарлайды Vesti.kz.

blog.share

Вьетнамда грек-рим күресінен 23 жасқа дейінгі балуандар арасында Азия чемпионаты басталды, - деп хабарлайды Vesti.kz.

Жарыстың алғашқы күні қазақ балуандары 3 алтын, 2 күміс, 1 қола медаль жеңіп алды. Исхар Құрбаев (60 келі), Бағдат Сабаз (67 келі) және Ақжан Ықыласов (77 келі) жарыс жеңімпазы атанып, алтын медаль еншіледі. 

Юсуф Мациев (97 келі) пен Дхожар Узаров (130 келі) күміс медальды қанағат тұтты. Диас Қалтай (82 келі) қола жүлдені қоржынға салды.

Бүгін Ерасыл Мамырбеков (55 келі), Оңдасын Хамитов (63 келі) және Мақсат Сайлау (87 келі) боз кілемге көтеріледі.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Жарнама

Живи спортом!