Грек-рим күресі
25 маусым 12:46
 

Жастар құрамасының бас бапкері Иорданиядағы АЧ туралы ойын айтты

  Пікірлер

blog.share

Жастар құрамасының бас бапкері Иорданиядағы АЧ туралы ойын айтты ©olympic.kz

Грек-рим күресінен 17 жасқа дейінгі жасөспірімдердің аға жаттықтырушысы Алмат Кебіспаев Иорданияда өткен Азия чемпионатын қорытындылады.

blog.share

Грек-рим күресінен 17 жасқа дейінгі жасөспірімдердің аға жаттықтырушысы Алмат Кебіспаев Иорданияда өткен Азия чемпионатын қорытындылады.

Хашимит қаласындағы құрлық додасында грек-рим күресінен алты балуан жүлдегер атанды.

"Жалпы Иорданиядағы Азия чемпионатында Қазақстан құрамасының қол жеткізген нәтижесі бапкерлер көңілінен шықты.  Құрамамызда бұдан да жақсы нәтиже көрсетеді деген балуандар болды, кішкене өздеріне сенінкіремей қалды деп ойлаймын. Бұдан жақсы нәтижеге қол жеткізуге толық мүмкіндігіміз болды. Енді қателіктермен жұмыс істейміз. Алдағы U-17 әлем чемпионатында кейбір салмақтарда өзгеріс болуы мүмкін",  - деді Кебіспаев.

Еске салайық, грек-рим күресінен U-17 құрамасы командалық есепте үшінші орын алды, 10 балуанның алтауы Азия чемпионатында жүлдеге ілінді.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Жарнама

Живи спортом!