Грек-рим күресі
17 маусым 16:20

Грек-рим күресінен ұлттық құрамаға бас бапкер тағайындалды

©ҚР ҰОК

Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігінің Спорт және дене шынықтыру істері комитеті төрағасы Руслан Есеналиннің бұйрығымен Қонысбек Төкенов Қазақстанның грек-рим күресінен ұлттық құрамасының бас бапкері болып тағайындалды, - деп хабарлайды Vesti.kz.

Бұған дейін бұл қызметті атқарған Юрий Мельниченко енді жаңа бас бапкердің кеңесшісі ретінде жұмыс істейтін болады.

Юрий Мельниченконың басшылығымен Қазақстан Париж Олимпиадасында күміс медаль жеңіп алды (Демеу Жадыраев), сондай-ақ өткен әлем чемпионатында да күміс медаль еншіледі (Ержет Жарлықасын).

Қонысбек Кәрімұлы бұған дейін Қазақстанның 20 жасқа дейінгі жастар құрамасының аға бапкері қызметін атқарған. Жаңа бас бапкер үшін алғашқы ресми халықаралық турнир 17-20 шілде аралығында Будапеште өтетін рейтингтік турнир болмақ.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport