Демеу Жадыраев карьерасына қатысты сұраққа жауап берді
©Тұрар Қазанғапов
Грек-рим күресінен Париж Олимпиадасының күміс жүлдегері Демеу Жадыраев спорттық карьерасына қатысты бір жақты шешім қабылдамағанын айтады
Грек-рим күресінен Париж Олимпиадасының күміс жүлдегері Демеу Жадыраев спорттық карьерасына қатысты бір жақты шешім қабылдамағанын айтады
«Қазіргі бар уақытым отбасыма арналуда. Жаттығу, жарыс деп, жанұямнан үнемі жырақта жүрдім.
Үйге келіп, қайтадан жаттығуға жиналатынмын. Енді осы олқылықтың орнын толтырып, жақындарыма уақыт арнаудамын.
Келесі Олимпиада туралы әлі ойланғаным жоқ. Спорттық карьерама қатысты шешім қабылдамадым», - деп береді Демеудің сөзін Olympic.kz.
Жарнама