auth.social_login
js.pozhaluista_podojdite js.ukazhite_email js.ukazhite_imya_ili_psevdonim js.ukazhite_parol js.dlya_registracii_na_saite_vy_doljny js.dlya_redaktir_profilya js.ukazhite_korrektny_email material_dobavlen_v_izbrannoe js.dobavit_v_izbrannoe js.ubrat_iz_izbrannogo js.paroli_ne_sovpadayut js.zadaite_parol_dlya_vhoda_na_sait js.horoshi_parol_doljen_soderjat js.spasibo_za_vash_golos js.dobavit_plus_1 js.ubrat_plus_1 js.vyberite_variant_otveta
js.mesto
жаңа тег қосу Слайдшоу қарау (пробел) Пауза Артқа Алға Орнынан көшіру Жабу (Esc) Толық көлеміне ашу Суретті жабу үшін жай басыңыз, қозғау үшін басып жібермеңіз
Пікіріңізге рахмет! Мәтін қойыңыз...
По-русски Табло
Сайтқа кіру
auth.social_login:
Сіздің Vesti.kz сайтындағы аккаунт Құпия сөзді ұмытып қалдыңыз ба?
Құпия сөзді ұмытып қалдыңыз ба?

Сіздің жаңа құпия сөзіңізді жіберетін email-ді атаңыз. Ақырында сіз құпия сөзді жеке бетіңізде өзгерте аласыз

Алматыда Дәулет Тұрлыхановтың жүлделеріне арналған дәстүрлі Республикалық турнир өтеді

Турнир 1-2 жұлдызы аралығында Алматыдағы "Достық" спорт кешенінде өтеді.

Алматыда Дәулет Тұрлыхановтың жүлделеріне арналған дәстүрлі Республикалық турнир өтеді
Сәуір  айының 1-2 жұлдызы аралығында Алматыдағы "Достық" спорт кешенінде 2000-2002 жылы туылған жасөспірімдер арасында грек-рим күресінен атақты палуан, республикалық күрес федерациясының вице-президенті,  қоғам қайраткері Дәулет Болатұлы Тұрлыхановтың жүлделеріне арналған грек-рим күресінен дәстүрлі XVIII турнирінің жалауы желбірейді.

Бұл турнирге спортшылар Қазақстанның барлық аймақтарынан, сондай-ақ, Алматы мен Астана қалаларынан қатысады. Атап айтқанда, Дәулет Тұрлыхановтың, Жақсылық Үшкемпіровтың, Болат Тұрлыхановтың, Хаис Аққалиевтың спорт мектептері мен «Жас Кыран» мемлекеттік мекемесі, Қазалы ауданының БЖСМ, «Даулет-Жаркент» ПСК (Алматы облысы) және өзге спорт ұйымдары өзара мықтыны анықтайды.

Республикалық турнирде палуандар он салмақ дәрежесінде белдеседі:

- Сәуірдің 1-і күні 09:00-ден – алғашқы кездесулер: 42, 50, 58, 69, 85 кг;
- Сәуірдің 2-і күні 09:00-ден – алғашқы кездесулер: 46, 54, 63, 76, 100 кг;

Турнир қатысушыларының салмақ өлшеу рәсімі 31 наурыз күні сағат 18:00 – де (42, 50, 58, 69, 85 кг) және 1 сәуір күні сағат 14:00-де (46, 54, 63, 76, 100 кг) өтеді.

Сәуірдің  1- күні   сағат 16:00-де жарыстың салтанатты ашылу рәсімі өтеді.Спорттық шараға республикалық күрес федерациясының вице-президенті Дәулет Тұрлыханов, екі дүркін әлем чемпионы, үш дүркін Еуропа жеңімпазы, Олимпиада чемпионы беларус Камандар Маджидов, Алматы қаласыДенешынықтыру және спорт басқармасының басшысы Әбіл Дөңбаев, Олимпиада және әлем чемпионы, Қазақ КСР еңбек сіңірген жаттықтырушысы Жақсылық Үшкемпіров сынды қонақтар қатысады.

Жарыс (UWW) ережелері бойынша өтеді. Жеңімпаздар мен жүлдегерлерге медаль мен диплом, сондай-ақ бағалы сыйлықтар табысталады.
Алматы қаласының Дене шынықтыру және спорт басқармасының қолдауымен жыл сайын өткізілетін дәстүрлі турнирдің басты мақсаты салауатты өмір салтын насихаттау; Азия чемпионаты мен Әлем чемпионатына қатысу үшін Қазақстанның жастар құрамасына іріктеу, грек-рим күресін елге таныту.

Әлеуметтік желілерде бөлісу


Тег:
Жаңалықтар
12 мамыр 2019
17:13
24 шілде 2017
16:12
10 маусым 2017
15:30
11 мамыр 2017
12:16