auth.social_login
js.pozhaluista_podojdite js.ukazhite_email js.ukazhite_imya_ili_psevdonim js.ukazhite_parol js.dlya_registracii_na_saite_vy_doljny js.dlya_redaktir_profilya js.ukazhite_korrektny_email material_dobavlen_v_izbrannoe js.dobavit_v_izbrannoe js.ubrat_iz_izbrannogo js.paroli_ne_sovpadayut js.zadaite_parol_dlya_vhoda_na_sait js.horoshi_parol_doljen_soderjat js.spasibo_za_vash_golos js.dobavit_plus_1 js.ubrat_plus_1 js.vyberite_variant_otveta
js.mesto
жаңа тег қосу Слайдшоу қарау (пробел) Пауза Артқа Алға Орнынан көшіру Жабу (Esc) Толық көлеміне ашу Суретті жабу үшін жай басыңыз, қозғау үшін басып жібермеңіз
Пікіріңізге рахмет! Мәтін қойыңыз...
По-русски Табло
Сайтқа кіру
auth.social_login:
Сіздің Vesti.kz сайтындағы аккаунт Құпия сөзді ұмытып қалдыңыз ба?
Құпия сөзді ұмытып қалдыңыз ба?

Сіздің жаңа құпия сөзіңізді жіберетін email-ді атаңыз. Ақырында сіз құпия сөзді жеке бетіңізде өзгерте аласыз

Алматыда "Болат Тұрлыханов Кубогы" өтеді

Дәстүрге айналған бұл турнир биыл жиырма бесінші рет өткелі отыр.

Алматыда "Болат Тұрлыханов Кубогы" өтеді
© yandex.com
25-26 мамырда Алматы қаласы Балуан Шолақ атындағы спорт сарайында грек-рим күресінен дәстүрлі халықаралық "Болат Тұрлыханов Кубогы" өтеді.

Алғаш рет жалауы 1994 жылы желбіреген бұл турнир биыл жиырма бесінші рет өткелі отыр. Ау баста Семей қаласында өтіп келген бұл турнирдің Алатау бөктеріне келгеніне де биыл міне үшінші жыл.

Бүкіләлемдік күрес кеңесінің (UWW) күнтізбесіне енгізілген «Болат Тұрлыханов Кубогы» тек олимпиадалық алты салмақта (59, 67, 77, 87, 97 және 130 келі) өтеді.

Биылғы дүбірлі додаға еліміздің үздік палуандарымен қоса грек-рим күресінде әлемде көшбасшы елдер саналатын Ресей, Иран, Корея, Армения, Беларусь, Қырғыстан, Өзбекстан және тағыда өзге елдердің күрес шеберлері қатыспақ. Жоғарыда аталған елдер қатарында бірнеше Әлем және Олимпиада чемпиондары қатысады деп күтілуде.

Жарыстың құрметті қонақтары қатарында Александр Карелин, Камандор Маджидов, Ким Ен Нам, Жақсылық Үшкемпіров сынды күрес әлемінің тірі аңыздары бар.

Бүкіләлемдік күрес кеңесінің (UWW) ресми сайтының хабарлауынша, турнирдің жеңімпаздары мен жүлдегерлеріне медальдар мен дипломдар табысталады. Ең бастысы ұйымдастырушы комитет үздік балуандарға арнайы қаржылай сыйақы дайындалған.

Бүгінгі күнге дейін жарысты жоғары деңгейде ұйымдастырып келген «Жас Сұңқар» ЖШС биыл да өз биігінен көрінуді жоспарлап отыр. Дәстүрге айналған турнирдің жыл сайын табысталып келе жатқан қаржылай сыйақысы төмендегідей.

1 орын - 3 000 АҚШ доллары
2 орын - 2 000 АҚШ доллары
3 орын - 1 000 АҚШ доллары

Биыл «Достық» спорт кешеніне палуандарды қолдауға келген жанкүйерлерді де құр қол қайтпайды. Ұйымдастырушылардың сөзінше жанкүйерлерді де бағалы сыйлықтар күтіп тұр.

Еске салайық, Болат Тұрлыханов - Қазақ ССР-ның еңбек сіңірген жаттықтырушысы. Семей өңірінде дүниеге келіп, 1956 жылы Қазақ дене шынықтыру институтын тәмамдаған. Саналы ғұмырында талай сақа палуандарды баптап, оларды күрескерлік рухқа, жеңіске деген ерік-жігерлілікке, төзімді болып алға жылжуға, биік мақсат қоя біліп, асқақ арманға жетулеріне жетелеген.
Әлеуметтік желілерде бөлісу


Тег:
Жаңалықтар
12 мамыр 2019
17:13
24 шілде 2017
16:12
10 маусым 2017
15:30
11 мамыр 2017
12:16