Грек-рим күресінен бес дүркін Әлем чемпионатының жүлдегері Алмат Кебіспаев Ұлттық олимпиадалық комитеттің баспасөз қызметіне берген сұхбатында мансабын аяқтау туралы сұраққа жауап берді.
— Қола медаль үшін өткен белдесуде өзіңізге тым сенімді көріндіңіз...
— Иә, өйткені, түрік балуанын бұған дейін де бір рет ұтқанмын. Әлем чемпионатындағы белдесуде бірінші кезеңде ұпай беріп қойдым. Бірақ ешқандай қорқыныш, қобалжу болған жоқ. Жеңетініме сенімді болғаным содан.
— Ендігі жоспарыңыз қандай? Кілемнен кететін ойыңыз жоқ па?
— Әлі де күшім кете қойған жоқ. Әлі бабымдамын. Кілемнен әлі кетпедім. Қандай да бір ұсыныстар болып жатқан жоқ. Егер жаңалық болса, жанкүйерлер хабардар болатыны анық.