Греко-римская борьба
15 қазан 2021 19:25
 

Алмат Кебіспаев мансабын аяқтау туралы сұраққа жауап берді

  Пікірлер

blog.share

Алмат Кебіспаев мансабын аяқтау туралы сұраққа жауап берді ©ҰОК

Грек-рим күресінен бес дүркін Әлем чемпионатының жүлдегері Алмат Кебіспаев Ұлттық олимпиадалық комитеттің баспасөз қызметіне берген сұхбатында мансабын аяқтау туралы сұраққа жауап берді.

blog.share

Грек-рим күресінен бес дүркін Әлем чемпионатының жүлдегері Алмат Кебіспаев Ұлттық олимпиадалық комитеттің баспасөз қызметіне берген сұхбатында мансабын аяқтау туралы сұраққа жауап берді.

— Қола медаль үшін өткен белдесуде өзіңізге тым сенімді көріндіңіз...

— Иә, өйткені, түрік балуанын бұған дейін де бір рет ұтқанмын. Әлем чемпионатындағы белдесуде бірінші кезеңде ұпай беріп қойдым. Бірақ ешқандай қорқыныш, қобалжу болған жоқ. Жеңетініме сенімді болғаным содан. 

— Ендігі жоспарыңыз қандай? Кілемнен кететін ойыңыз жоқ па?

— Әлі де күшім кете қойған жоқ. Әлі бабымдамын. Кілемнен әлі кетпедім. Қандай да бір ұсыныстар болып жатқан жоқ. Егер жаңалық болса, жанкүйерлер хабардар болатыны анық. 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Жарнама

Живи спортом!