Әлем чемпионатында балуандарымыз екі медаль еншіледі

©UWW

Сербияның Нови-Сад қаласында өтіп жатқан жастар арасындағы әлем чемпионатында Қазақстан қоржынына екі медаль түсті, - деп хабарлайды Vesti.kz

Алғашқы жүлдені грек-рим күресінен Мерей Мәулетханов ұлттық құрама қоржынына салды.  Қазақстандық балуан 72 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде қола жүлдеге ие болды. Қола үшін өткен белдесуде отандасымыз ресейлік Данил Григорьевті айқын басымдықпен жеңді.

Юсуф Мациев 97 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде финалға дейін жетті. Шешуші белдесуде ол украиналық Егор Якушенкомен кездесті. Тартысты белдесу 6:1 есебімен қарсыластың пайдасына аяқталды.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport