auth.social_login
js.pozhaluista_podojdite js.ukazhite_email js.ukazhite_imya_ili_psevdonim js.ukazhite_parol js.dlya_registracii_na_saite_vy_doljny js.dlya_redaktir_profilya js.ukazhite_korrektny_email material_dobavlen_v_izbrannoe js.dobavit_v_izbrannoe js.ubrat_iz_izbrannogo js.paroli_ne_sovpadayut js.zadaite_parol_dlya_vhoda_na_sait js.horoshi_parol_doljen_soderjat js.spasibo_za_vash_golos js.dobavit_plus_1 js.ubrat_plus_1 js.vyberite_variant_otveta
js.mesto
жаңа тег қосу Слайдшоу қарау (пробел) Пауза Артқа Алға Орнынан көшіру Жабу (Esc) Толық көлеміне ашу Суретті жабу үшін жай басыңыз, қозғау үшін басып жібермеңіз
Пікіріңізге рахмет! Мәтін қойыңыз...
По-русски Табло
Сайтқа кіру
auth.social_login:
Сіздің Vesti.kz сайтындағы аккаунт Құпия сөзді ұмытып қалдыңыз ба?
Құпия сөзді ұмытып қалдыңыз ба?

Сіздің жаңа құпия сөзіңізді жіберетін email-ді атаңыз. Ақырында сіз құпия сөзді жеке бетіңізде өзгерте аласыз

17-18 қарашада Алматыда грек-рим күресінен халықаралық "Болат Тұрлыханов Кубогы" өтеді

Турнирде чемпион атанған қазақстандық спортшыларға "Халықаралық дәрежедегі спорт шебері" атағы беріледі.

17-18 қарашада Алматыда грек-рим күресінен халықаралық "Болат Тұрлыханов Кубогы" өтеді
© wrestling.kz
17-18 қарашада Алматының "Достық" спорт кешенінде грек-рим күресінен дәстүрлі халықаралық "Болат Тұрлыханов Кубогы" өтеді.

1994 жылдан бері Семей қаласында күрес әлемін біріктірген жарыс екінші рет Алматы қаласында ұйымдастырылмақшы. Турнир Бүкіләлемдік күрес кеңесінің (UWW) күнтізбесіне енгізілген. Балуандар олимпиадалық ойынға жататын алты - 59, 67, 77, 87, 98 және 130 келі салмақ дәрежелері бойынша сайысқа түсіп, медальдарды сарапқа салады.

Дүбірлі додаға еліміздің беделді балуандарымен қатар Ресей, Иран, Корея, Венгрия, Беларусь, Қырғыстан, Өзбекстан және тағы басқа әлем мемлекеттері қатысады. 

Жарыстың құрметті қонақтары қатарында Александр Карелин, Камандор Маджидов, Ким Ен Нам, Жақсылық Үшкемпіров сынды күрес әлемінің тірі аңыздары бар. 

Бүкіләлемдік күрес кеңесінің (UWW) ресми сайтының хабарлауынша, турнирдің жеңімпаздары мен жүлдегерлеріне медальдар мен дипломдар табысталады. Ең бастысы ұйымдастырушы комитет үздік балуандарға арнайы қаржылай сыйақы дайындалған. 

1 орын - 3 000 АҚШ доллары
2 орын - 2 000 АҚШ доллары
3 орын - 1 000 АҚШ доллары
Чемпионның бапкеріне - 1 000 АҚШ доллары

Сонымен қатар, турнирде чемпион атанған қазақстандық спортшыларға "Халықаралық дәрежедегі спорт шебері" атағы беріледі.

Еске салайық, Болат Тұрлыханов - Қазақ ССР-ның еңбек сіңірген жаттықтырушысы. Семей өңірінде дүниеге келіп, 1956 жылы Қазақ дене шынықтыру институтын тәмамдаған. Саналы ғұмырында талай сақа палуандарды баптап, оларды күрескерлік рухқа, жеңіске деген ерік-жігерлілікке, төзімді болып алға жылжуға, биік мақсат қоя біліп, асқақ арманға жетулеріне жетелеген.
Әлеуметтік желілерде бөлісу


Тег:
Жаңалықтар
12 мамыр 2019
17:13
24 шілде 2017
16:12
10 маусым 2017
15:30
11 мамыр 2017
12:16