"12 тамыз өмірімдегі ең маңызды күн": Нұрбақыт Теңізбаев Олимпиададағы жеңісін еске алды

© wrestling.kz
Осыдан дәл 12 жыл бұрын Бейжің Олимпиадасында грек-рим күресінен төртжылдықтың басты додасының жеңімпаздары мен жүлдегерлері анықталды. Грек-рим күресінен Қазақстан қоржынына қола салған қазақстандық күрес шебері Нұрбақыт Теңізбаев аспан асты еліндегі жеңісін еске алып, инстаграм желісінде оқырмандарымен бөлісті. 

"Дәл осы күні, 2008 жылдың 12 тамызында күрес карьерамдағы ең маңызды жарыс күні болған. Бейжің Олимпиадасына 60 келі салмақта 20 елдің балуаны қатысты. Бір күннің ішінде жеңімпаздар мен жүлдегерлер анықталды. Содан бері 12 жыл өтіпті",- дейді Олимпиада ойындарының жүлдегері Нұрбақыт Теңізбаев. 

Айта кетейік, қазақстандық балуан Нұрбақыт Теңізбаевтың Олимпиададағы қоласы кейін күміс жүлдеге айналды. Лондон Олимпиадасының жартылай финалындағы қарсыласы әзірбайжандық Виталий Рагимовтың допинг-сынамасы оң нәтиже беріп, 2016 жылы Біріккен күрес әлемі Нұрбақыт Теңізбаевты ресми түрде Олимпиада ойындарының күміс жүлдегері деп таныды.  



Метки:
Жаңалықтар