Қазақстандық гольфші АҚШ-та турнир жеңімпазы атанды

©olympic.kz

АҚШ-тың Ұлттық студенттік атлетикалық қауымдастық чемпионаты аясында Сиэтлде гольфтен Pat Lesser-Harbottle Invitational турнирі өтті. Бұл жарысқа қазақстандық Ривекка Жұмағұлова да қатысты, деп хабарлайды Olympic.kz

Бұл турнирге жоғары оқу орындарының 20 командасынан 110 спортшы қатысты. Жұмағұлова Сиэтл университеті намысын қорғады.

Ривекка бірінші раундтан-ақ басымдық танытты. Осылай соңғы раундқа дейін көш басында болды. 

Қазақстандық суденттің нәтижесі арқасында Сиэтл университеті (SeattleU Redhаwks) турнирде бірінші орын иеленді. 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Метки: