Германия
9 наурыз 2021 19:33
 

Йоахим Лёв Германия құрамасының бас бапкері қызметінен кететін болды

  Пікірлер

blog.share

Йоахим Лёв Германия құрамасының бас бапкері қызметінен кететін болды Сурет: fifa.com

Германияның бас бапкері Йоахим Лёв осы жазда өтетін Еуропа чемпионатынан кейін өз орнын босатады. Бұл туралы Германия футбол қауымдастығының ресми сайты хабарлады.

blog.share

Германияның бас бапкері Йоахим Лёв осы жазда өтетін Еуропа чемпионатынан кейін өз орнын босатады. Бұл туралы Германия футбол қауымдастығының ресми сайты хабарлады.

Маманның келісімі 2022 жылы өтетін әлем чемпионатына дейін есептелген еді. Лёвтің өзі келісімшарттың мерзімін қысқартуды өтінген және футбол қауымдастығы Йоахимнің бұл ұсынысын кері қайтармаған.

Лёв Германия құрамасын 2006 жылдан бері баптап келеді. Оның басшылығымен ұлттық құрама алты ірі турнирге қатысып, 2014 жылы әлем чемпионы атанды. Германия құрамасы Еуропа чемпионатының күміс және екі рет қола жүлдесін еншіледі, одан бөлек әлем чемпионатының қола жүлдегері атанды. 2017 жылы команда Конфедерация кубогін жеңіп алды.

Соңғы ірі турнир - 2018 жылғы әлем чемпионаты Германия құрамасы үшін сәтсіз аяқталды. Ол кезде Лёв баптайтын команда топтық кезеңнен әрі аса алмаған болатын.

Жарнама

Живи спортом!