Роберт Левандовски "Бавария" командасынан кетуі мүмкін
Мюнхендік "Бавария" мен Полша құрамасының шабуылшысы Роберт Левандовски ағылшындық командалардың біріне ауысуы мүмкін, деп хабарлайды Sport Bild.
Мюнхендік "Бавария" мен Полша құрамасының шабуылшысы Роберт Левандовски ағылшындық командалардың біріне ауысуы мүмкін, деп хабарлайды Sport Bild.
Дереккөздің ақпараты бойынша, польшалық шабуылшының агенті Пини Захави қазіргі уақытта "Бавариямен" жаңа келісімшарт туралы келіссөз жүргізуде. Егер бұл келіссөз кезінде мюнхендік команда шабуылшының айлығын көбейтпесе, ол карьерасын Англияда жалғастырады. Қазіргі уақытта Левандовскиге "Манчестер Юнайтед" пен "Челси" командалары қызығушылық білдіріп отыр.
Левандовски 2014 жылдан бері "Бавария" командасында ойнап келеді. Оның қазіргі келісімшарты 2023 жылы аяқталады. Биылғы маусымда ол Бундеслиганың 26 ойынына қатысып, 36 гол соғып, алты нәтижелі пас берген. 2008 жылдан ол Польша ұлттық құрамасында өнер көрсетеді.
Жарнама