Нойер Бундеслигадағы Оливер Канның рекордын жаңартты

“Бавария” Бундеслиганың 18-тур аясында қонақта “Шалькені” 0:4 есебімен жеңді.

Мюнхендік клубтың 34 жасар қақпашысы Мануэль Нойер 90 минут бойы қақпасына гол өткізбей, “Баварияның” аңыз қақпашысы Оливер Канның рекордын жаңартты.

Кан өз кезінде Германия чемпионатында 196 ойында қақпасын голсыз ұстаса, Нойер бүгінгі ойында 197-ші рет қақпасын голдан аман сақтады.

Өзі әрең жүрген “Шалькені” ойсырата жеңген Флик шәкірттері 18 ойыннан кейін 42 ұпай еншілеп, көш басында келеді.
Метки:
Жаңалықтар