auth.social_login
js.pozhaluista_podojdite js.ukazhite_email js.ukazhite_imya_ili_psevdonim js.ukazhite_parol js.dlya_registracii_na_saite_vy_doljny js.dlya_redaktir_profilya js.ukazhite_korrektny_email material_dobavlen_v_izbrannoe js.dobavit_v_izbrannoe js.ubrat_iz_izbrannogo js.paroli_ne_sovpadayut js.zadaite_parol_dlya_vhoda_na_sait js.horoshi_parol_doljen_soderjat js.spasibo_za_vash_golos js.dobavit_plus_1 js.ubrat_plus_1 js.vyberite_variant_otveta
js.mesto
жаңа тег қосу Слайдшоу қарау (пробел) Пауза Артқа Алға Орнынан көшіру Жабу (Esc) Толық көлеміне ашу Суретті жабу үшін жай басыңыз, қозғау үшін басып жібермеңіз
Пікіріңізге рахмет! Мәтін қойыңыз...
По-русски Табло
Сайтқа кіру
auth.social_login:
Сіздің Vesti.kz сайтындағы аккаунт Құпия сөзді ұмытып қалдыңыз ба?
Құпия сөзді ұмытып қалдыңыз ба?

Сіздің жаңа құпия сөзіңізді жіберетін email-ді атаңыз. Ақырында сіз құпия сөзді жеке бетіңізде өзгерте аласыз

Месут Озил Ердоғанмен түскен суретінен кейін Германия құрамасынан кететінін жариялады

Озил 2009 жылдан бері Германия құрамасының сапында өнер көрсетіп келеді. Ол осы аралықта 92 ойын өткізіп 23 гол салған.

Месут Озил Ердоғанмен түскен суретінен кейін Германия құрамасынан кететінін жариялады
© metro.co.uk

Германия құрамасының жартылай қорғаушысы Месут Озилды Неміс футбол кеңесінің (DFB) басшысы Райнхард Гриндель Түркия президенті Режеп Тайип Ердоғанмен кездескені үшін сынға алып, ұлттық құрама үшін бірде-бір ойын өткізбейтіні жайлы айтқан еді, - деп хабарлайды РИА Новости.

"DFB тарапынан және басқа да себептер бойынша мен ендігіде Германия құрамасының жейдесін кигім келмейді, Өзімнің керек еместігімді аңғардым, сонымен қатар 2009 жылдан бері көрсеткен еңбегім ұмытылған секілді", - деп жазды лондондық "Арсенал" клубының хавбегі Twitter желісіндегі парақшасында. 

"Таяуда болған жағдайларға байланысты көп ойлана келе, Германия құрамасының намысын халықаралық деңгейде қорғамайтын болып шештім, себебі мен нәсілшілдік пен сыйламаушылықты байқаймын. Мен Германия жейдесін абыроймен киіп жүрдім, қазір ондай жоқ. Бұл мен үшін ауыр жағдай, себебі мен командадағы әріптестерім мен бапкерлер үшін барымды салдым. Бірақ DFB жоғарғы лауазымды шенеуніктері маған осылай қарап, менің түпкі тамырым түркиялық екенімді сыйламайтын болса, тоқтайтын кез келді", - делінген әлеуметтік желіде жазылған хабарламада. 

Әлем біріншілігі басталар уақытта Месут Озил мен Илкай Гюндоганның Түркия президентімен түскен суретінен кейін Германияда дау шыққан. Олардың екеуі де түп тамыры түркиялық, алайда екеуі де Германияда дүниеге келіп, Германия құрамасының намысын қорғап келді. БАҚ және қоғамдық ойдың көшбасшылары олардың Түркия президентімен кездесуін және Гюндоганның "менің құрметті президентім" деген сөзіне шүйлікті.  

Озил 2009 жылдан бері Германия құрамасының сапында өнер көрсетіп келеді. Ол осы аралықта 92 ойын өткізіп 23 гол салған. 2014 жылы Әлем чемпионы атанды.

Әлеуметтік желілерде бөлісу
Жаңалықтар